^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
 Domekova

 

 

 

Жалпы білімдік пәндер бірлестік жетекшісі: 

Дөмекова Ғалия Мылтықбайқызы І-санатты  оқытушы

Телефон: 20-16-49

                             8-775-630-04-07

                  e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 Бірлестік  төменде  көрсетілген  мамандықтар  бойынша мамандар даярлайды:

Мамандық шифры

 

     Мамандық атауы

0103000

-

«Дене тәрбиесі және спорт»

0104000

-

«Кәсіптік оқыту» (салалар бойынша)

1304000

-

«Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру» (түрлері бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

«Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінде 14 оқытушы қызмет атқарады. Атап айтсақ: жоғарғы санатты оқытушы А.Бекенова,С.Тайжанов,С.Жумадилов,
1
санатты– оқытушы Н.Скакова, А.Сарыбаева, Е.Кенжеевсанатты – оқытушы М.Жақсылық, Г.Баймұратова, А.Мамыровcанаты жоқ – оқытушы Т.Абай, Е.Багалиев, Ә.Амантаев, А.Шахысламұлы, А.Абилбаева қызмет атқарады.

Cikl111

 

                                                  Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары

 «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушылары сапалы білім және тәрбие берумен қатар, шығармашылық  жұмыстармен айналысудыда қалысқалдырған емес. 

Онлайн сабақ өту барысында бірлестік оқытушылары өздерінің пәндері бойынша бейне сабақ түсіріп оны  «COLLEGE SmartNation.kz» платформасына сонымен қатар YouTubе желісіне салынды.

«Болашақ» университетінің жоғарғы колледжі ұйымдастырған оқу орындары арасындағы «Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» тақырыбындағы апталық аясында өткен «Universal  педагог» атты қалалық колледжаралық жас мамандар сайысына Мөлдір Жақсылық қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жәнеде аталған оқытушы онлайн форматта сайыстарға қатысып жүлдедлі орындарды иеленіп жүр.

Қазақстан Республикасы педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту, талантты педагогтарды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпиадасының үздік педагогы -2020» олимпиадасына қатысып бірлестік оқытушысы Скакова Нүргүл жүлделі ІІІ орын иеленді. «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының Республикалық Информатика пәнінен ұстаздар арасындағы олимпиадасының І дәрежелі дипломымен, сонымен қатар «Қазан» айында өткізілген Республикалық «Информатика» Блиц-турнирінің 2 орынын иеленді.

 Және де аталған оқытушы Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған 1 курс студенттері арасында информатика пәні бойынша Жалпықазақстандық олимпиадасына жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хатқа ие болды.Халықаралық Информатика пәнінен студенттер арасында олимпиадасының І дәрежелі дипломмен ВТ-20 оқу тобының 1 курс студенті Баймағамбет Бақберді Алматұлы марапатталды.

Сонымен қатар, бірлестік оқытушылары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде баспа бетіне үздіксіз мақалалар жариялап отырады. Мысалы, Сарыбаева Айға-ным  «Шоқан оқулары 18» Халықаралық ғылыми практикалық  конференцияға 
«Флавоноидтардың липидті мембранаға әсері» тақырыбында, 
«Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында 
модернизациялау» халық аралық ғылыми-практикалық конференциясында
«Студенттердің өзіндік жұмысы болашақ педагогтің кәсіби біліктілігін 
қалыптастырудың қажетті құралы» тақырыбында, «Педагог Times» Республикалық 
педагогиккалық журналына   
«Химия пәнінен тапсырмаларды орындау кезінде пәнаралық 
білімдерді пайдалану» тақырыбында,  «Қазақұстазы» Республикалық ғылыми-педагогикалық
 журналында«Оқушылардың пәнге қызығушылығынарттыру үлгермеушілікті болдырмау  құралы ретінде»  тақырыбында, 
Тайжанов Сәбит Білім берудегі және ғылымдағы инновациялар» халықаралық журналында «Физическое совершенствование здорового образа жизни»  тақырыбында мақалалары жарияланды. Бірлестікте оқытушыларымыз сапалы білім мен саналы 
тәрбие беріп, қоғамдық  жұмыстарға белсене араласқаны үшін алғысхаттар мен марапатталды. Мәселен, «Ұстаздар» мерекесіне орай оқытушы Г.Баймұратова Қызылорда облысының білім  басқармасы басшысының құрмет грамотасымен, оқытушылар Т.Абай, А.Сарыбаева  Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. 

Ақмешіт  колледжінің 15 жылдық мерейтойымен төрағаның бірінші орынбасары  И.Құттықожаев Нұр Отан партиясы Қызылорда Облыстық филиалы атынан Н.Скакованы Алғысхатпен
 марапаттады.
           Бірлестіктің информатика пәнінің оқытушысы Н.Скакова және бірлестік жетекшісі Ғ.Домекова Халықты компьютерлік сауаттылыққа үйретунегізінде Қызылорда Облыстық білім басқармасының  «Дарын» Облыстық қосымша білім беру орталығының  ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің алғысхатымен марапатталды.

 

Тәрбие жұмыстары

Бірлестікке қарасты топтарға топ тәлімгерлері төмендегідей болып бекітілді:

Оқу  тобы

Оқушы саны

Топ тәлімгері

1

ФиС-20оЖ

20

Жумадилов С.

2

ФиС-20о

15

Шайхысламұлы А.

3

ВТ-20

20

Абай Т.

4

ВТ-19

21

Абай Т.

5

ПО-18

20

Жақсылық М.

6

ФиС-18о

13

Амантаев Ә.

7

ФиС-17о

11

Тайжанов С.

    

Топ тәлімгерлері өз топтарында ата-аналар жиналысын өткізіп,ата-аналармен тығыз байланыста болады. Әрбір топ жетекшісі оқу жылының басында тәрбие  жұмыстарының жоспарын жасап, бекітіледі. Жоспар бойынша бірнеше тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. 

           Колледждің 1-курс студенттері арасында дарынды жастарды анықтау және ынталандыру, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін  жүзеге асыру мақсатында дәстүрлі «ҮЗДІК ТОП - 2020» өнер байқауы өткізілді. Байқаудың бағдарламасы мамандықты таныстыру және өнер бағыты бойынша өткізілді, мамандық таныстыру бойынша студенттер бар өнерлерін ортаға салды.

Дәстүрлі «Үздік топ - 2020» сайысында 1-ші орынды өнер бағыты бойынша Т.Абайдың ВТ-20 оқу тобы иеленді.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай –дара, Абай-дана қазақта» тақырыбында Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқу сайысы жарияланған болатын, сайыс нәтижесінде бірлестікке қарасты По-18 оқу тобының студенті Әбдуәлиева Нұрай бас жүлдені иеленсе, ФиС-18о оқу тобы ІІ-дәрежелі дипломмен, ФиС-20о оқу тобының студенті Нағымадинов Ерасыл ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

  

Бірлестікте оқытушыларымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.  Мәселен, «Ұстаздар» мерекесіне орай оқытушы Г.Баймұратова  Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының құрмет грамотасымен,  оқытушы А. Сарыбаева  Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. 

 

Ақмешіт  колледжінің 15 жылдық мерейтойымен  төрағаның бірінші орынбасары И.Құттықожаев Нұр Отан партиясы Қызылорда Облыстық филиалы атынан Н.Скакованы Алғыс хатпен марапаттады.

 

Бірлестіктің информатика пәнінің оқытушысы Н.Скакова және бірлестік жетекшісі Ғ.Домекова Халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету негізінде Қызылорда Облыстық білім басқармасының «Дарын» Облыстық қосымша білім бері орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің алғыс хатымен  марапатталды.

 

jpb2  jpb3

          Сонымен қатар бірлестікте оқушыларды шығармашылық жұмысқа  тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру, белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Қызықты физика», «Химиялық колейдоскоп», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол»  үйірмелері жұмыс жасайды.

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz