^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Білім берудің озық стратегияларын іске асыру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету және жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін кәсіби бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Жастарды әлеуметтік интеграциялау мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бірінші жұмысшы біліктілігін тегін беру арқылы мектеп түлектерінің кәсіби дайындыққа қолжетімділігі қамтамасыз етілсе, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021  жылдарға арналған бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен жұмыссыздар қамтылады. Колледждердің салыстырмалы сипаттары бойынша ақпарат ұсыну ТжКБ ұйымдарының басшыларына болашаққа стратегиялар мен жоспарлар құруға, мүдделі тұлғаларға (талапкерлер мен олардың ата-аналары, студенттер мен жұмыс берушілер) колледждер арасында дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА)-рейтинг қазақстандық колледждерді саралаудың қанатқақты жобасын үшінші рет өткізіп, Қазақстанның үздік колледждерінің 2017 ж. рейтингін  ұсынады. Агенттік колледждердің рейтингін мамандарды дайындау бейіні мен мамандықтар тізімі ескерілген бес бағытта өткізді: көп салалы, политехникалық, гуманитарлық-экономикалық, медицина және өнер. БСҚА рейтинг өткізуде шынайылық, ашықтық, дәйектілік, нақтылық және мүдделі құрылымдарды тарту принциптерін ұстанады. Колледждердің рейтингін өткізу әдіснамасы колледждің қызмет сапасы, оқу үдерісін ұйымдастыру және инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреті деңгейін бағалауға негізделген. Рейтингті өткізу барысында колледждердің бес индикатор бойынша ұсынған статистикалық мәліметтері пайдаланылды: студенттер контингенті; студенттерді оқыту нәтижелері және ТжКБ ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының саны; инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің сапасы; ТжКБ ұйымының қызмет сапасы; жұмыс берушілермен ынтымақтастық. Рейтингті анықтайтын маңызды критерийлердің санатына: мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын студенттер үлесі; WorldSkills Kazakhstan және WorldSkills International чемпионаттарындағы колледждің жеңімпаз-студенттер саны; дуалды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларының саны, соның ішінде қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша; жоғары санатты инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің үлесі; оқытушылар басылымдарының үлесі, соның ішінде ҚР БжҒм грифімен шығарылған оқулықтар саны; институттық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өту енді. Агенттік сарапшылары колледждер ұсынған ақпараттың дұрыстығын анықтау бойынша тиянақты  жұмыстар жүргізіп, нәтижелерді анықтады. Индикаторлар мен критерийлердің толық сипаттамасы, олардың пайыздық салмағы және рейтинг нәтижелері агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында ұсынылған. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі – рейтинг барлық талапкерлерге өз қалауы бойынша колледжді және мамандықты дұрыс таңдауға тілек білдіреді және Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі осы таңдауда көмектеседі деп сенеді.

Қазақстанның үздік көпсалалы колледждері рейтингі – 2017

Орны

Колледж (ТжКБұйымы) атауы

Барлығы

 

Павлодар қаласы инновациялық Еуразия университетінің колледжі

100,00

 

Қызылорда қаласы «Абылай хан» атындағы колледжі

84,58

 

«Алматы технологиялық университеті» АҚ технологиялық-экономикалық колледжі

57,39

 

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі

40,65

 

Жанатас көпсалалы колледжі

39,58


Қазақстанның үздік политехникалық  колледждері рейтингі – 2017

Орны

Колледж (ТжКБұйымы) атауы

Барлығы

 

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі

100,00

 

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

98,89

 

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі

89,32

 

Алматы мемлекеттік қызмет көрсету және технологиялар колледжі

89,16

 

Бурабай ауданы Қатаркөл с. ауыл-шаруашылық колледжі

72,15

 

Хромтау тау-техникалық колледжі

60,55

 

Торғай аграрлық-техникалық колледжі

59,93

 

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

52,49

 

М. Тынышпаев атындағы Алматы көлік колледжі

50,10

 

Инновациялық-технологиялық колледжі

48,37

Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық колледждері рейтингі – 2017

Орны

Колледж (ТжКБұйымы) атауы

Барлығы

 

Астана қаласы білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК

100,00

 

Павлодар бизнес колледжі

94,80

 

Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжі

85,62

Қазақстанның үздік өнер колледждері рейтингі – 2017

Орны

Колледж (ТжКБұйымы) атауы

Барлығы

 

«Сымбат» дизайн және технология академиясының колледжі

100,00

Қазақстанның үздік медициналық колледждері рейтингі – 2017

Орны

Колледж (ТжКБұйымы) атауы

Барлығы

 

Көкшетау жоғары медициналық колледжі

100,00

 

Талдықорған медициналық колледжі

76,08

 

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі

74,65

 

Атырау медициналық колледжі

74,28

 

Леңгір «Мейір-Бейс» медициналық колледжі

65,64

 

Жезқазған қаласы медициналық колледжі

60,64

Шолпан КАЛАНОВА, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттіктің президенті, профессор, педагогика ғылымдарының докторы

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz