Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Колледжде тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай «Тәуелсіз елімнің 25-көктем бояулары» атты көрме ұйымдастырылды

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, өздігінен еңбек етуге дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне, 25 жыл толуына орай «Тәуелсіз елімнің 25-көктем бояулары» тақырыбындағы білім алушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Дизайн», «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының 1-4 курс студенттері жасаған қол өнер бұйымдары, қылқалам шеберлерінің өнер туындылары, қолдан жасалған тұрмыстық заттар, әшекейлер қойылды.

Тұрмыстық еңбекке қажетті ағаштан, матадан, былғарыдан жасалған бұйымдар, түрлі түсті қағаздардан ертегілер әлемінің көрінісі, ою-өрнек үлгілері арқылы жасалған тұрмыстық заттар, сәндік қолданбалы өнер элементтері бар алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын, кестелеп жасаған бұйымдарын ерекше атап өтуге болады.

koktem-boyau

koktem-boyau2