Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

592Қызылорда облыстық білім басқармасы «Қызылорда облыстық оқу орталығы (Әдістемелік кабинет)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ТжКБ бөлімі «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша іс-тәжірибелер алаңы» тақырыбында облыстық вебинарлар кестесіне сәйкес колледж әдіскерлері 2020 жыллың 20 сәуірінен бастап қашықтықтан оқытуға байланысты түрлі тақырыпта вебинарлар өткізуде.

Жұмыс жоспарының кестесіне сәйкес 2020 жылдың 13 мамыр күні «Ақмешіт» колледжінің әдіскері Баймұратова Гүлмира Ержігітқызы «Қашықтан оқытуда «CollegSmartNation» платформасының мүмкіндіктері, және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарға өзге облыстардың әлеуметтік серіктес колледждері, облыс және қала колледждері қатысты. Колледж әдіскері Г.Е.Баймұратова SmartNation платформасында оқу-өндірістік тәжірибелерді өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Оқу-өндірістік тәжірибелерді өткізу оқу процесінің маңызды бөлігі екендігі белгілі. Біздің оқу орнымызда оқу-өндірістік тәжірибелерді түрлі бағдарламаларда (Bandicam, Inshot, Movavi) видеосабақтар, WhatsApp желісі арқылы өткізіліп жатқандығын атап өтті.

Нақтырақ айтсақ, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының ЭС-19 оқу тобында «Өндірістік оқыту» тәжірибесінің жетекшісі С.Е.Жанзакова «Bandicam» бағдарламасы арқылы, «Ветеринария» мамандығының В-17о оқу тобында оқу тәжірибесінің жетекшісі З.А.Алтынбай «Inshot» бағдарламасы арқылы, «Полиграфия өндірісі» мамандығының ТП-17о оқу тобында «Технологиялық» тәжірибе жетекшісі Н.С.Есимова «Movavi» бағдарламасы арқылы видеосабақ түсіріп, білім алушылардың тәжірибе барысында толыққанды мәлімет алып отырғандығы туралы мәлімет берді.

Вебинарда қашықтықтан оқытуға байланысты сұрақтар қойылып, әріптестер пікір алмасты.

593594