Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

4422019 жылдың 25 қазан күні колледж 1-курс студенттері мен «Жастар денсаулығы» орталығының қызметкері К.Жолахаевамен «Алкоголизм, шылым шегу және таксикомания профилактикасы» тақырыбында кездесу өтті.

Орталық қызметкері кездесу барысында қазіргі таңда жалпы желім иіскейтін балалар саны көбейгендігін, көптеген жасөспірімдердің ата-аналарының көмек сұрап наркологиялық диспансерге жүгініп жатқанын, улы иіске әуестенгендердің ішінде қыз балалардың да бар екендігін тілге тиек етті. Олардың бірі желім иіскесе, бірі карп деп аталатын карбиратор сұйықтығын тұтынатынын, айтты. Мамандар желім иіскеудің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсіндіру арқылы химиялық иістің өте улы болатынын, оның әсері нерв жүйесін, өкпесін, бас миын зақымдайтынын айтып өтті.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің таксокоманиямен ауыратынын бірнеше белгілерге қарап білуге болатынын, токсикоманияға әуес баланың қимыл — қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болатынын, орынсыз күле беретінін, жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, сөйлеу мәнері өзгеретінін, ызақор бола бастайтынын айтты. Мұндай жағдайда наркологтың көмегіне жүгінуге тура келеді деді.

Кездесу барысында «Есірткілік және токсикалық заттардың адамның репродуктивті денсаулығына әсері» тақырыбында бейнебаяндама көрсетіліп, студенттерге таратпа материалдары берілді. Сондай-ақ колледж мейірбикесі Э.Дүйсембаева студенттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

443