Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

3542019 жылдың 4 қыркүйек күні «Ақмешіт» колледжінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттің алдын алуға арналған жиналыс болып өтті. Жиналысқа колледж директоры А.Т.Шегенбаев, «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекенова, «Гуманитарлық-техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Е.С.Кенжеев және Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы С.Б.Исаев қатысты.

     Колледж директоры А.Т.Шегенбаев Қызылорда облыстық білім басқармасы және облыстық прокуратураның 2016 жыл, 21-қыркүйектегі №2-10070-16-11545 хатына сәйкес, колледж студенттеріне ғимарат ішінде ұялы телефонды (смартфон, планшет, смарт сағаттарын) пайдалануды шектеу қойылғандығы жөніндегі ақпаратпен таныстырып, оқу ғимараты ішінде тек қоңырау/жауап/смс функциялары бар мобильді құрылғыларды ғана ұстауға рұқсат берілетінін айтып, бұдан басқа фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды ұстауға тыйым салынғанын түсіндірді. Күнде таңертеңгілік тесеру жұмыстары жүргізілетінін, ғимарат ішінде аталған мобильді құрылғыларды ұстап келген жағдайда колледждің ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін шара қолданылатындығын айтып өтті.

        «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі Бекенова А. Е студенттерді колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, сонымен қатар колледж әкімшілігінің және білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Колледж ішкі тәртіп ережесіндегі маңызды мәселелер - оқу орнына алып кіруге және пайдалануға тыйым салынатын заттарды арнайы атап, құқық бұзған жағдайдағы жазалау түрлері бар екенін ескертті.

Сонымен қатар колледжішілік кәмелетке толмаған студенттер арасында құқық бұзушылыққа байланысты және топтық төбелестің алдын алу және түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу жөнінде аға инспектор С.Б.Исаев толық ақпарат берді.

355

355