Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

3512019 жылдың 02-қыркүйегі күні «Ақмешіт» колледжінде Білім күніне орай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Колледжге жаңа қабылданған студенттерді атаулы мерекемен құттықтап, колледжбен таныстыру жұмыстары да жүргізілді. Сонымен қатар жастардың бойына адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын көрсетіп, олардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Бұл шара колледжге жаңа түскен студенттің ойында тек адал болуды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Себебі, «Жастарымызды оқу орнының табалдырығын аттаған сәттен адалдыққа тәрбиелеуіміз керек» деді колледж басшысы А.Т.Шегенбаев.

«Адалдық сағатының» лекторы колледж оқытушысы Г.Ә.Жаркенова өз баяндамасындаТұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында сыбайлас жерқорлықтың алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындағандығын айта отырып, жаңадан сайланған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының да сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізетінін жеткізгендігі жайлы ескертті. «Адалдық сағатының» соңында студенттерге сенім – жетістіктің кілті, ал сол кілт өздерінің қолдарында екенін тағы бір баяндап өтті.

352