Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

28028.02.2019 ж. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Облыстық білім басқармасы және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқытушылары арасында» дәстүрлі облыстық волейбол турнирі болып өтті.

Сайыстың мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту және ең бастысы мерекеге орай ару қыздарымыз бен ардақты аналарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау болды.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар анықталды.Турнирдің марапаттау рәсіміне облыстық білім басқармасы және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова қатысып, жеңімпаз командаларға дипломдар, арнайы медальдар мен жүлделерін табыс етті.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Жаңақорған ауданынан келген аграрлық-техникалық колледжінің командасы жеңіп алды. II орынды Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі командасы иеленсе, III орынға «Ақмешіт» колледжі командасы ие болды.

281

281

281