Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

257Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледджі «Жастар ісі жөніндегі» комитеттінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының арнайы жүлде иегері, жыршы Марат Сүгірбаймен және «Мен қазақпын!» Халықаралық мега-жобасының бас жүлдегері Күнсұлу Түрікпенмен кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешінің шымылдығын ашып, сөз сөйлеген оқу орнының басшысы, т.ғ.к. А.Т.Шегенбаев 2018-жыл «Рухани жаңғыру» жылы болса, 2019-жыл «Жастар жылы» деп ресми түрде белгіленгенін, осы орайда біздің оқу орны «Рухани жаңғыру» жылы мен «Жастар жылын» ұштастырып, ұрпақтар сабақтастығы ретінде Сыр елінің бүгінгі сал серілері  мен  дарынды жастарын әннен шашу шашып, жырдан маржан тізуге арнайы шақырылып отырғанын айтты. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп, қоғамдағы ең басты мәселе жастар тәрбиесі екендігіне тоқталып өтті. Келер ұрпаққа тәрбие үлгі өнеге беретін осындай кештің жастарымызға берер тағылымы мен тәрбиесі мол болатындықтан бұл шара дәстүрлі түрде жалғасын тауып отыратынын айтты.

Ұлт пен ұлысты біріктірген киелі шаңырақ «Ақмешіт» ауылына келген М.Б. Сүгірбай, К.Түрікпен, олардың шәкірттері Ұ.Нұртуған және Ә.Кеңесұлы құлақтың құрышын қандырар жыр төгіп, «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында түсіндірме жүргізіп, жастарға мысал термелер орындау арқылы өнеге-насихат жасады.

Кездесу соңында студенттер сұрақтарын қойып, жауап алып, қонақтармен естелікке суретке түсті.

 

258

 

258

 

258

 

258