Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

245Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 8 ақпанында 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау мақсатында WorldSkills Kazakstan Ұлттық чемпионатына колледжішілік іріктеу байқауы өткізілді.

Байқауға Қызылорда облысының білім басқармасы «Кәсіптік білім» бөлімінің меңгерушісі Б.Ш.Есенбаев, «НұрлыТауЛТД» ЖШС мекемесінің «Электротехникалық зертхана» басшысы Р.Жунусов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға лаборанты Т.Байменов төрелік жасады.

Байқау 2 кезең бойынша өткізілді.

  1. Өзін – өзі таныстыру
  2. Практикалық кезең арқылы бағаланды.

Білім алушыларға практикалық кезең бойынша 2 тапсырма жұмысы берілді:

  1. «Электромонтаждық жұмыс «Жарықтандыруды екі жақты басқарудың принципиалды және монтаждық сұлбаны жинау»
  2. «Электромонтаждық жұмыс «Асинхронды қозғалтқыштарды тура және реверсивті іске қосуды басқару»

Нәтижесінде, колледждің 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының     3 курс ЭС-16о оқу тобының студенті Д.Ноғайбайұлы 1 орынмен, ЭС-15о оқу тобының студенті Ж.Қадірберген 2 орынмен және ЭС-15о оқу тобының студенті А.Мұңайтпас        3 орынмен марапатталды.

246

246

244