Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

227Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2019 жылдың 21 қаңтары күні «Ақмешіт адалдық алаңы» жобасы аясында «Саналы ұрпақ» клуб мүшелері мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 60 студент жауап берді.

Сауалнама нәтижесі бойынша «Сіз сыбайлас жемқорлықты қалай қабылдайсыз?» деген сұраққа 8 студент қолдайтынын, 11 студент қалыпты қабылдайтынын, 41 студент мүлдем қарсы екендіктерін білдірген. «Сіздің ойыңыз бойынша сыбайлас жемқорлыққа қай салалар айрықша шалдыққан?» деген сұраққа 42 студент – медицина, 22 студент білім беру мекемелері, 21 студент құқық қорғау органдары деп жауап берген.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңіліңіз толады ма?» деген сауалға студенттердің 70 пайызы атқарылаып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын білдірсе, 30 пайызы қанағаттанбайтындықтарын көрсетті. «Сіз жекелей сыбайлас жемқорлықпен қаншалықты жиі кездестіңіз?» деген сұраққа 31 студент ешқашан кездеспегендерін, 12 студент өте сирек кездесетіндерін, 14 студент кей кезде кездесетіндерін жазған. Сауаленама соңында колледж студентері оқу орындарында жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа байланысты шаралар көптеп өтетінін, ендігі уақывтта осы сала мамандарымен кездесулер ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.

226

228