Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

222Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубы құрылған болатын. Клуб қызметінің басты мақсаты  студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, оларды әділдік пен адалдық қағидаларын ұстануға бағыттау болып табылады.

Осыған орай, «Саналы ұрпақ» клубының тәлімгерлері ретінде колледжіміздің білікті де белсенді оқытушысы М.Жақсылық бекітіліп, оның жетекшілігімен отанды сүю, үлкенді құрметтеу, әділдік пен адал еңбек үлгісін насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, клуб мүшелері түрлі акцияар ұйымдастырып, қарттар мен зейнеткерлерге көмек көрсетуді де көздеп отыр. 

2019 жылдың 16-қаңтар күні «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның қауіпті дерті» тақырыбында «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

223Шара барысында ағымдағы жылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттер айқындалып, білім саласындағы жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың барынша актуальды мәселелері талқыланды.

Шара соңында колледж психологы Ж.Байсалова студенттермен «Жемқорлықпен күрес мәдениеті өзімізден басталуы тиіс» тақырыбында тренинг өткізіп, клуб мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсенділіктерін арттыратынын жеткізді.

 

 

224

225