Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

 182Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде ЖИТС орталығы мамандарыныңжәне колледж мейірбикесінің қатысуымен «Ғасыр індетінен сақтан!» тақырыбында дәріс өткізілді.

Шарада ЖИТС/СПИД-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығының маманы студенттерге ЖИТС туралы мәлімет беріп, жастарға одан аулақ болудың жолдарын түсіндірді. Оның айтуынша, адамның иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) бүгінгі күні тек қана медицина қызметкерлерін ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе. Дәріс оқушы маман өз сөзінде «Әсіресе өздеріңіз сияқты қыршын жастардың осы аурудың қақпанына ілігуі бізге үрей туғызып отыр. Оның себебі албырт жастарымыздың аталмыш аурудың жұғу жолдарына мән бермеуінде. Қазіргі таңда ауруды жұқтырушылардың 70 пайызын жыныстық жолмен жұқтырушылар  құрауда. Сол себепті де біз сіздермен жиі жүздесіп, аурудың алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз» – деді.

Сонымен қатар, қазір АИТВ жұқпасын жұқтырған адам уақытылы ем-домын қабылдап, салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда биологиялық қарттық жасына дейін өмір сүре алатынын түсіндірді мамандар.

Студенттерге жастарға аурудан сақтану жолдары туралы қысқаша жазылған ақпаратттық парақшалар таратып, кез келген азамат нәтижесі 15 минуттың ішінде белгілі болатын қандағы АИТВ-инфекциясын анықтау бойынша экспресс-тестіден өту мүмкіндігі бар екендігін айтты.

АИТВ жұқтыру қаупі жоғары сұйықтықтарға қан, вагиналды сұйықтық, ана сүті, қан араласқан жағдайда кез келген сұйықтық қауіпті екенін түсіндіріп, жұқтыру қаупі жоғары тәуекел тобына сотталғандар, жыныстық серіктесі көп болғандар, қараусыз балалар, мигранттар, алкоголиктер жататынын айтты. АИТВ инфекциясы эпидемиясының даму себептері наркобизнес, вакцинаның жоқтығы, ағзаны вирустан толық тазартатын дәрілер жоқтығы, ақпараттық білім төмендігі, жұмыссыздық, АИТВ-ның кеш анықталуы себеп болатынын түсіндіретін бейнебаяндамалар көрсетілді.