Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Қазан айының алғашқы жексенбісі – ұлағатты Ұстаздар күні. Атаулы күнге орай, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жүрегімде жатталады есімің...» атты салтанатты жиын болып өтті.

Ұстаздардың мерейін асыру, оларға ерекше құрмет көрсету мақсатында өткен салтанатты жиынға колледж басшылығы, оқу орнының ардагер ұстаздары, оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты.

Жиынды колледж директоры А.Т.Үргенішбеков ашып, барша ұстаз қауымды кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, білім ордасында қызмет етіп келе жатқан педагогтарды қала әкімінің, ректордың алғысхаттарымен марапаттады.

Мерекелік шара барысында талантты студенттер мен дарынды өнерпаздардың өз ұстаздарына тартуы ретінде әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

Білім саласын жүзеге асыру жолында қызмет атқарып жүрген ұстаздардың табанды еңбегі, жас ұрпаққа беріп келе жатқан тағылымды тәлімі – қашан да ұшан-теңіз. Сондықтан, бар қажыр-қайратын, елдің ертеңі үшін жұмсап жүрген барша ұстаздар қауымының ерен еңбегі мәңгі бағалана бермек.

16.10.18-1 16.10.18-2

16.10.18-3 16.10.18-4

16.10.18-5 16.10.18-6

16.10.18-7