Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2018 жылдың 28-наурыз күні Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 15 жылдық мерейтойына арналған «Ақмешіт аруы - 2018» арулар байқауы өткізілді.

Сайыстың мақсаты студент жастардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыта отырып, әдептілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Ару қыздарымыз барлық кезең бойынша өнерлерін жиналған көпшілікке ұсынып, ән мен жырдан шашу шашты. Барлық сындардан мүдірмей өтіп, шеберлігімен таныла білген Сәбихан Айшолпан бас жүлдені иеленіп, әншілігімен де, ісмерлігімен де жиналған көпшілікті тәнті етіп, «Ақмешіт аруы - 2018» номинациясына лайық деп саналып қана қоймай, инстаграмм желісі арқылы ең көп дауыс жинаған ару ретінде де «Көрермендер көзайымы» атағына ие болды.

 Сондай-ақ, бірінші орынға табан тіреген институттың 1-курс студенті, ару қыз Алтынбекқызы Ақерке жиналғандар қошеметіне бөленсе, колледжден қатысқан Мыңжасарова Аружан да өнерлі қыздар қатарынан танылып, әділқазылар алқасының ұйғарымымен екінші орынды жеңіп алды.
Үшінші жүлделі орынды «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 2-курс студенті Жорабек айназым алды.

Байқауға қатысқан басқа да өнерлі қыздар марапаттан құр қалмады. Осы байқауға дәстүрлі «Сыр аруы» конкурсының ұйымдастырушы продюсері А.Қанатбаева қатысып, 2-орын иегері А.Мыңжасароваға алда өтетін «Сыр аруы» байқауына жолдама табыс етті.

Әділқазы алқасына арнайы қонақтар шақырылып, олар өз кезегінде демеушілік көрсетіп, аруларымызға сый-сияпаттарын жасады.

Тартысты өткен сайыс студенттер қауымына үлкен әсер қалдырып, оқу орнының басшысы А.Т.Үргенішбеков алдағы уақытта да осындай сайыс жалғасын табатынын, дәстүрлі түрде өткізіліп тұратындығын айтты. 

033 038
040 034
037 035

039 036