Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2018 жылдың 14-наурыз күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында «Құрылыс» және «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша 2018 жылғы бітіруші түлектерге арналған диплом тапсыру салтанаты өтті.

Колледж директоры, т.ғ.к., доцент А.Т.Үргенішбеков түлектерге сәт сапар тілей отырып, үздік дипломдарды табыстады. Сонымен қатар білікті мамандарды дайындауда қосқан үлесі үшін және өнерлі, белсенді студенттерді тәрбиелегені үшін ата-аналарға зор ризашылығын білдіріп, бірқатарын алғысхатпен марапаттады.

Салтанатты кеш барысында ата-аналар атынан «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының түлегі, колледждің қоғамдық істеріне белсене араласқан, диплом иегері Жүніс Шаймұханбеттің атасы құттықтау тілегін білдірді, ал студенттер атынан «Құрылыс» мамандығының түлегі, Жәнібай Ақтоты сөз сөйлеп, ұжымдағы барша ұстаздарына барлық түлектердің атынан алғысын білдіріп, бас иді.

Кеш барысында концерттік бағдарлама, арнайы әзірленген слайдтар көрермендер назарына ұсынылды. Диплом тапсырудың салтанатты кеші «Ұстазым», «Студенттердің қоштасу әнімен» аяқталды.

022

016 017
018 019
020 350