Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Жаңа жыл – әр үйде, әр отбасыда асыға күтетін ең сүйікті, мейірімді, таңғажайыпқа толы мерекелердің бірі.

2017 жылдың 29 қаңтар күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізді.

Аталған ертеңгілікке балалар мереке қарсаңында сәнді және өте көңілді болып келді. Ұйымдастырушы «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушылары мен колледж «Еріктілер» тобы балалар үшін қызықты әзірлеме жасап, музыкалық безендіру мен концерттік нөмерлерін ұсынды. Олар түрлі ертегі кейіпкерлері: жалмауыз кемпір, түлкі, аю, қасқыр, Маша, Ақшақар мен Аяз Атаның ролін ойнап, балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік кейіпкерлер балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне тартып, қызықты конкурстарға да қатыстырып, жеңімпаз бүлдіршіндерге сыйлықтар таратты. Аяз Ата келген сәттен бастап өлеңдері мен билерін дайындап жүрген балалар үшін нағыз мереке басталды. Балалар Аяз Ата мен Ақшақарға жаттап келген тақпақтарын оқып берді, ән айтып, шыпшаны айнала би биледі. Жаңа жылдық ертеңгілік кейіпкерлермен суретке түсумен және дәстүр бойынша мереке сыйлықтар табыстаумен аяқталды.

86 089
088 087