Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

2017 жылы 11-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Өшпес даңқ» атты ғылыми танымдық конференциясы өткізілді.

Шараның мақсаты «Алаш» алыптарын жастарға насихаттау және аймағымыздағы жастар саясатын жүйелі түрде жүзеге асыру.

Ғылыми конференцияға «Жас Отан» Жастар қанатының қалалық филиалының төрағасы Т.Тілес, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Б.Мұхаррамұлы және «Гуманитарлық-экономикалық мамандықтар» бірлестігінің тарих пәнінің оқытушысы Г.Жаркеновалар қатысып, студенттерге Алаш алыптары туралы кең мағлұмат беріп, арнайы дайындалған бейнебаяндамалар көрсетілді.

Аталған іс-шарадан студенттер рухани әсер алып, іс-шара барысында алаш алыптарының өмірбаяны, жүріп өткен жолдары тыңдаушы қауымға таныстырылды. Осындай іс-шараның рухани дамып-жетілуімізге, санамызда рухани сілкініс туғызатынына қаншалықты жәрдемі болатынына тағы бір мәрте көзім жеткендей болды. 

71  
7270