Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде дәстүрлі 17-қараша – Халықаралық Студенттер күніне орай 1-курстарды студент қатарына қабылдау мерекесі 2017 жылдың 23-қарашасы күні сағат 17.00-де «Жігер» мейрамханасында салтанатты түрде атап өтілді.

Іс-шараның негізгі қатысушылары 1-курс студенттері және 2,3 және 4-курстың белсенді студенттері. Бағдарлама концерттік номерлермен, директорат құрамының құттықтау сөздерімен басталып, белсенді студенттерді директор атынан марапаттауымен, 1-курстарға сынақ кітапшасын салтанатты түрде табыстауымен, білім кілтінің 4-курстан 1-курс белсенді, озат студентіне ант қабылдап берілуі, фуршет, жастар биімен аяқталды.

Салтанатты іс-шараға арнайы қонақтар: 

  1. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының  басшысы Е.Меңлібаев
  2. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов
  3. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов
  4. «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры Ж.Тұсмағанбетов
  5. Облыстық «Жас Отан»жастар қанаты филиалының төрағасы А.Сабанбаев
  6. Қалалық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының басшысы Т.Тілес

шақырылып, облысымыздағы жастар саясатын жүргізудегі елеулі белсенділіктері үшін бірқатар студенттерді алғысхатпен марапаттады.

52 53
54 55
56 57
58 59