Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2017 жылдың 13 қыркүйегі күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың тапсырмасымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ішкі істер департаменті қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қызылорда қаласының қылмыстық ахуалы таныстырылып, ҚР Қылмыстық Кодексінің баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Б.Ш.Есжанов мектеп табалдырығынан колледжге келген 1-курс оқушыларына құқық бұзушылыққа қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.

Жиналыс барысында арнайы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған бейнебаяндама көрсетіліп, балалардың суық қару ұстамау керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 442, 434,441, 440, 127, 133, 132, 435 баптарын түсіндіріліп, үй-жайдан тыс жерде түнгі мезгілде жасы кәмелетке толмаған оқушылардың заңды өкілсіз жүруге болмайтыны да қатаң ескертілді.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Р.Абдразақова жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу арқылы –олардың қылмысқа ұрынбауына,  өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына  келеңсіз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына қол жеткізуге болатынын айтып өтті.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарды жұмыспен қамту» бөлімінің басшысы А.Аукенов және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб-имамы Б.Улжаев еліміздің көп ұлттың отаны бола білген зайырлы мемлекет болғандықтан діни ахуал басты назарда екендігін, діни сауаттылығын арттыру аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып, дәстүрлі емес діни ағымдарды болдырмау мақсатында нақты шаралар атқаруымыз қажеттігін, діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, жан-жақты насихаттық жұмыстарын жүргізуіміз керектігін тілге тиек етіп, бұл жолда барлығы бірлесіп әрекет етуі тиіс екендігін, бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті құбылысқа айналғанын айтып өтті.

Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

021

022

023