Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Оқушылар арасында «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ атын танытсын үш тұғыр тіл» апталығы аясында өткен «Тілдерді меңгеру – жарқын болашақтың бағдаршамы» тақырыбындағы интеллектуалды сайыста  мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесі, қолданыс аясы, көптілділік жағдайындағы мүмкіндіктер жан-жақты сөз болып, бірқатар ұсыныстар да айтылды.

 Тілдер мерекесіне арналған бұл сайыс үш тілде жүргізіліп, оқушылар әсіресе аламан бәйге мен полиглот және ең үздік аудармашы сайыстары өте тартысты өтті. Сайысқа 1-курс оқушылары қатысып, нәтижесінде «Білм» тобы жеңіске жетті.

Іс-шаралар кезінде тақырыпқа сай оқылған өлең, орындалған әндер де кештердің мазмұнын байытты. Жалпы іс-шаралар барысында оқушылардың патриоттық ой-сезімдері, келешекке деген нық сенімдері байқалып, көңіл қуантты.

020
016 017
018 019