Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба аясында «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форумның бейбітшілік сабағы   өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың  2015 жылғы 4 қарашадағы №12 өкімімен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы бойынша жасалған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес өткізілген бұл іс-шараға арнайы қонақтар қатысты:

  1. Абасилов Аман Мәділханұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі, әдебиет және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
  2. Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы – темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты
  3. Ким Надежда Инбоновна – Қостанай қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің физика пәні бойынша оқытушысы, репрессия құрбанының ұрпағы

Бейбітшілік сабағын колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. А.Т.Үргенішбеков жүргізді. Өз сөзінде А.Т.Үргенішбеков жалпы Қазақстандағы тұнғыш репрессияның 1928 жылдан басталғанын, репрессияның алғашқы құрбандары қазақ зиялы өкілдері болғанын, олардың ату жазасына кесілгенін, көптеген адамдар нақақтан нақақ жауапқа тартылып, жалған айыппен қылмыс жасады деп сан мыңдаған қазақ сотталғанын студенттерге баяндап берді.

Сонымен қатар,бейбітшілік сабағын өтуге келген қонақтарстудент жастарғаПрезидентіміздің 1997 жылдың 5 сәуірдегібұйрығынан соң жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын  еске алуға тиіс екендіктерін, тарихын білу – әрбір адамға аманат екендігін түсіндірді.

Кездесу соңында студенттер бүгінгі күнді есте сақтап, ата-бабаларының өздері үшін, қазақ халқы үшін, қазақ мемлекеті үшін жасаған ерен еңбектерін әрқашан жадынан шығармайтынына сенім білдіретінін айтып, келген дәріс оқушы қонақтарға бүгінгі жастар біле бермейтін тарихи оқиғалармен таныстырғандары үшін алғыстарын білдірді.

013 014
012 011

010

015