Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2017 жылдың мамыр айының 16-жұлдызында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 9-мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай колледж «Жастар ісі жөніндегі» комитеті, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен батыр бабаларымызға құрмет көрсетіп, ерліктерін насихаттау арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Ата-баба арқасында!» атты Ұлы Отан соғысы, Семей полигоны, Чернобыль АЭС, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешіне облыстық ішкі саясат басқармасының «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорынан, «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінен, «Қызылорда облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінен», «Жас Отан» жастар қанатынан өкілдер келіп қатысты.  

Кеш барысында студенттерге ардагерлердің ерліктері жайлы мәліметтер беріліп, ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап, елі үшін ауыр қасірет зардабын тартқан абзал азаматтарымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздік арқылы еске алу рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысы ардагері, 10 бала тәрбиелеп өсірген батыр Ана Есқараева Бибіқадиша, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбішев Сайлаубай өз сөздерінде батыр бабаларымыздың ерлігі мен ерен еңбегін жас ұрпақ жадында мәңгі сақтау керек екендігін айтты.

Кеш соңы колледж «Жастар ісі жөніндегі комитеті» белсенді студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Студенттер өз кезегінде ата-баба ерлігін ешқашан ұмытпайтындарын, мәңгі есте сақтайтындарын айтып, алғысын білдірді.

05 06
07 08
09