Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

32Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 2015-2016 оқу жылында директор кубогы үшін өткізілген жайдарман ойынында жеңіске жеткен «Сыр ұландары» жайдарманшылары биылғы оқу жылының жайдарман ойынының колледждегі кезекті маусымашарын өткізді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған жайдарманшылар ойынына 7 команданың арасынан үздік шыққан «Жастар», «Эколог жастар», «Ерекше» және «Ақмешіт арулары» командалары қатысып, ойын тартысты өтті.

Маусымашарға  қонақ ретінде Қазақ гуманитарлық заң колледжінің жайдарманшылары шақырылып, жайдарманның қызықты ойынын астарлы ақиқат пен ұтымды пікірлермен жалғап, тәжірибе алмасып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және өнерге қызығушылығын ояту мақсатында өткізілген ойын нәтижесінде колледж директорының кубогын «Ақмешіт арулары» жайдарман тобы жеңіп алса, 1-орынды «Ерекше», 2-орынды «Эколог жастар», 3-орынды «Жастар» жайдарман командалары иеленді. Байқау жеңімпаздары арнайы алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жастардың биімен аяқталды.

Колледж жайдарманшылары        «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының және «Қызық Орда» шығармашылық топ қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық «Маусымашар - 2016» жайдарман фестиваліне қатысып, аталмыш сайыс нәтижесінде облыстағы және республикадағы барлық жайдарман сайыстарына қатысуға мүмкіндік беретін арнайы сертификатпен марапатталып, премьер-лигаға өтіп келді.

3536 

 

 

33