Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

19Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғымның бірі ата-ана болса, бірі-Ұстаз! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.

Жылына бір рет келетін «Ұстаздар күні» мерекесімен   құттықтау үшін колледж оқушылары және «Жастар ісі жөніндегі комитет» белсенділері «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында  ұстаздарға мерекелік концерт ұйымдастырды.

Ұстаздарды ұлықтау мақсатында өткізілген бұл кеште білім алушылар би билеп, түрлі аспаптарда ән орындап, ұстаздарына деген ілтипатын білдіру үшін гүл шоқтарын сыйға тартты.

Ұстаздар қауымының төл мерекесінде бірқатар оқытушыларымыз оқу орны басшысының арнайы алғысхатымен марапатталып, ақшалай сыйақыға ие болды.

Мерекелік бағдарлама барысында білім алушылар ұстаздарға деген құрметтің арта беретінін, білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына алғыстары шексіз екенін айтты. 

21

20