^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі – аймағымыздағы техникалық және кәсіптік білім саласында еңбек нарығының сұранысын арттыруға, экономика және әлеуметтік саланы дамытуға үлес қосып келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі. Колледж 2013 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Оқу-тәрбие және ғылыми-ізденіс жұмыстарды талаптарға сәйкес ұйымдастыру үшін колледжде төмендегі құрылымдық бөлімдер қызмет жасайды:

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
Оқу бөлімі;
Есеп-қисап бөлімі;
Кадр және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі;
Студенттік бөлім;
«Техникалық мамандықтар» және «Гуманитарлық экономикалық мамандықтар» бөлімдері;
Пәндік бірлестіктер («Жалпы білімдік пәндер» бірлестігі, «Жалпы гуманиатрлық пәндер» бірлестігі, «Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігі, «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» бірлестігі);
Оқушылардың білімін бақылау және бағалау бөлімі;
Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстар бөлімі;
Ақпараттық технологиялар бөлімі;
Маркетинг және ақылы қызметті есепке алу бөлімі;
Кітапхана;
Психолог;
Асхана;
Дәрігерлік пункт;
Әдістемелік кабинет;
Жатақхана.

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған көптеген жұмыстар жасалуда.Материалдық-техникалық база жыл сайын заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, зертханалар және арнайы оқу кабинеттермен толығып отырады. Атап айтсақ, 2012-2014 жылдары ауданы 504 м2 болатын жаңа спорт залы, 40 орындық оқу залы және заманауи компьютерлермен жабдықталған электрондық оқу залы бар кітапхана, жалпы ауданы 1747 м2 болатын заманауи зертханалық кешен орналастырылған жаңа оқу ғимараты. 

Колледжде қазіргі күні 3 оқу ғимараты, 16 оқу зертханалары, 31 пәндік оқу кабинеттері, 3 шеберхана, 6 компьютерлік класс, акт залы, 100 орындық мәжіліс залы, кітапхана, оқу залы, электронды оқу залы, оқу-зертханалық кешен, тарихи-танымдық, этнографиялық музей, спорт зал, студенттік асхана, жатақхана білім алушыларға қызмет көрсетуде. Барлық кабинеттер мен зертханалар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Колледжде барлық кабинеттер мен зартханалық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, стандартқа сай жабдықталған.Сонымен қатар колледжде кітапхана, оқу залы, электрондық оқу залы, спорт залы, студенттік жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету бөлмесі ұйымдастырылған. 

Колледж кітапханасында кітап қорында58 913 дана кітап бар. Кітапхана мен оқу залы, электронды оқу залы оқушыларды қажетті оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Колледжде компьютерлер саны – 146. Интернетке қосылған компьютерлер үлесі – 100%. Интерактивті жабдықтармен кабинеттер саны – 15.

Колледж кітапханасында 51901 данадан астам кітап қоры бар. Кітапхана мен оқу залы оқушыларға қажетті оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Оқушылардың сабаққа өздігінен дайындалу тиімділігін арттыру үшін колледжде интернет жүйесіне қосылған 4 компьютерлік сыныптар жұмыс жасайды:

1. Интернетке шығатын желіге қосылған жалпы компьютер класы;

2. Инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған компьютер класы;

3. Информатика және есептеу техника негіздері;

4. Компьютерлік жобалау класы.

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz