^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №353 бұйрығымен Қызылорда инженерлік-экономикалық институты жанынан колледж  құрылды.

2006 жылдың 24 қарашасында колледж Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі болып қайта тіркелді.

2007 жылдың 11 шілдесінде Қызылорда облысының білім басқармасынан сериясы АБ№0049630 мемлекеттік лицензиясы алынды.

Бастапқы кезде «Электрмен қамтамасыз ету», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Қонақ үй шаруашылығы мен туристік кешендерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жүргізді.

Қазіргі таңда колледж 25 мамандық бойынша  9 сынып (күндізгі) және 11 сынып (күндізгі және сырттай) негізінде мамандар даярлайды.

2004-2012 жылдар аралығында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Әбілдаев Нұрлан Әлімханұлы, Таңжарықов Панабек Әбсатұлы, Байманов Жанұзақ Нұрділдаұлы, Үсенов Сағидулла Сағынайұлы, Байниязов Дархан Тасқараұлы, Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы директорлық қызметтерін атқарды. 2018 жылдың қараша айынан бастап колледж директорының қызметін Шегенбаев Абзал Тілеубергенұлы атқарып келеді. 

 2010 жылы кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жаңашыл жұмыстары және «Колледждердің үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауда колледж ІІІ-орынды иемденді.

2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша "Бүкіләлемдік банктің" грант жеңімпазы атанды. Жоба Халықаралық қайта құру және даму Банкінің қаржыландыруымен, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қолдауымен іске асырылды. Жоба негізінде колледж оқытушылары Германия, Белоруссия, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  2014 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» облыстық форумында өткізілген кәсіби білім берудің инновациялық жұмыстарын оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған шығармашылық көрмесінде колледж ІІІ-орынды иемденді.

 2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2016» бойынша ІІ-ші орынды иеленді.

 2017 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2017» бойынша IV-ші орынды иеленді.

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz