^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

azamat

 

 

 

«Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестік жетекшісі

Торы Азамат Қалманұлы – жоғары  санатты оқытушы

Телефон: 20-16-57

8 701 865 97 97

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

«Кәсіби-техникалық пәндер» бірлестігі төменде көрсетілген мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

0902000

-

«Электрмен қамтамасыз ету»

1401000

-

«Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану»

1202000

-

«Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару»

1510000

-

«Ауылшаруашылығын механикаландыру»

0809000

-

«Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

1203000

-

«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

1201000

-

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

0906000

-

«Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары»

1502000

-

«Агрономия»

1504000

-

«Ферма шаруашылығы» (профиль бойынша)

1513000

-

«Ветеринария»

Бірлестікте 15 оқытушы қызмет атқарады. Олар: жоғары санатты – 3 оқытушы (А.Қ.Торы, (техника және технология ғылымдарының магистрі) Д.Т.Байниязов (техника ғылымдарының кандидаты, Ж.Н.Жакипова, (арнайы пән оқытушысы)) 1 санатты – 6 оқытушы (А.С.Шукеев, Т.Б.Мустаяпов, Ғ.М.Домекова, Ғ.Айдарбеков, Ф.Жетібай, С.Е.Жанзакова), 2 санатты – 2 оқытушы (Ж.Өмірзақ, Е.Кенжеев), санаты жоқ – 4  оқытушы (К.Утегенов, Б.Қойшыбаев, Н.Жұмабеков, Б.Оразалиев) қызмет атқарады.

2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша "Бүкіләлемдік банктің" грант жеңімпазы атанды. Жоба Халықаралық қайта құру және даму Банкінің қаржыландыруымен, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қолдауымен іске асырылды. Жоба негізінде колледж оқытушылары Германия, Белоруссия, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Атап айтар болсақ: Минск қаласында «Подготовка и внедрение модульных программ, основанных на компентенциях» тақырыбында - Ж.Н.Жакипова., Новосибирск қаласында«Электроснабжение и электрооборудование объектов. Проектирование электрических сетей» тақырыбында - Ж.Н.Жакипова, Ғ.М.Домекова, Т.Б.Мұстаяпов, Москва қаласында«Электрооборудование и его обслуживание, электропривод и автоматикапромышленных установок и технологических комплексов» тақырыбында - Ж.Н.Жакипова, А.Б.Мұстаяпова.

Бірлестіктегі оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Қазақстан энергетикасы», «Қазақстандағы темір жол көлігімен жүк тасымалдаудың тиімділігі», «Жеңіл тас құрылымдарды құрылыста қолдану тиімділігі», «Жаңартылытын қуат көздерін пайдалану арқылы қала көшелерін жарықтандыруға жұмсалатын шығынды үнемдеу», «Қызылорда облысында дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану мүмкіндіктері», «Қала тасымалдарын ұйымдастыруда қаралатын мәселелер» және т.б.

Бірлестікте оқушылар арасынан қабілетті, сабаққа белсенді, еңбекке бейімді оқушыларды анықтау және өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Электромонтер», «Жас инспектор», «Агротехник», «Сәулет өнері қала көркінің символы» үйірмелері жұмыс жасайды.

Бірлестік оқытушыларының жетекшілігімен колледж оқушылары қалалық, облыстық, республикалық деңгейде конференциялар мен жарыстарға белсенді қатысып жүлделі орындар алуда.

2014 жылы 22-23 сәуірде облыстық «Үздік электрик-2014» байқауында ЭС-11оЖ оқу тобының оқушысы Кошкинбай Дамир ІІ орын иеленіп, дипломымен марапатталды. 

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылар арасында өткен «Жасыл экономика жағдайында Қазақстан экономикасының дамуы» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференцияда ІІ орын алған үшін Жақыпбеков Қанат дипломмен марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылар арасында өткізілген «Өнертапқыш-2015» облыстық шығармашылық байқау көрмесінде Жақыпбеков Қанат пен Аяған Сұңғат  дипломмен марапатталды.

2018 жылы М.Ысқақов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде, «Техникалық және кәсіптік білім беру» оқу орындарының білім алушылары арасында «Электромонтер» кәсібінің үздік қалалық байқауында 3 курс, ЭС-16оР оқу тобының оқушысы І орынды иеленді, жетекшісі Жакипова Ж.Н.

2018 жылы «»Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Электротехника және электроника» пәнінен өткен қалалық олимпиядаға қатысып, ЭС-16оР оқу тобының оқушылары Д.Ноғайбайұлы, Ұ.Қанатбаев жүлделі 2,3 орындарды иеленді (жетекшілері Ж.Н.Жакипова және Ғ.М.Домекова).

2018 жылы «Жас өркен» колледжінің ұйымдастыруымен «Еліміздің жарқын болашағы – білікті маман» атты апталық аясында ұйымдастырылған «Электротехника және электроника» пәнінен өткізілген облыстық олимпиядадан ЭС-16оР оқу топтарының оқушысы Ноғайбайұлы Даулет жүлделі ІІ орын, Қанатбаев Ұлағат жүлделі ІІI орын мен марапатталды. (жетекшілері Ж.Н.Жакипова және С.Е.Жанзакова).

2018 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысына сәйкес «Сыр Елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қорының ұйымдасытыруымен өткізілген «Жақаев ізбасарлары» еңбек лагерінде «Брейн - ринг» сайсына белсене қатысып СТР-15оР оқу тобының оқушысы Анаш Жандаулет жүлделі І орынды иеленді (жетекшісі Өмірзақ Ж.).

Бірлестіктің өндіріспен байланысы:

  • 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету», 0906000-«Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандықтары бойынша «МК-Сервис ЛТД» ЖШС, «КазНұрЭнерго» ЖШС, «Абзал и К» ЖШС, «КСМиК» ЖШС, «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ, «Қызылорда жылуэлектрорталығы»МКМ» мекемелері;
  • 1401000-«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша, «Қызылорда Алихан-құрылыс» ЖШС, «Строительно-Транспортная Компания»ЖШС, «Тех Эксперт КZ» ЖШС, «КомпанияАланСтрой» ЖШС, «Қызылорда Жоба Құрылыс» ЖШС мекемелері;
  • 1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару», 1201000-«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1203000 - «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша «Абзал и К» ЖШС, «Қазақавтожол РМК КОФ» ЖШС, «Мердигер» ЖШС, «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы «Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы»
  • 0809000-«Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша «КазРосМұнай» ЖШС, «ҚОР мұнай компаниясы» ЖШС, «Тех Эксперт КЧ» ЖШС мекемелері;
  • 1510000 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 1502000 – Агрономия, 1504000-«Ферма шаруашылығы (профиль бойынша)» мамандықтары бойынша «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашалығы ғылыми-зерттеу институты», «Бақдәулет-57» фермер шаруашылығы, «МК-Сервис ЛТД» ЖШС, «Байғасыр-инжерининг» ЖШС, «АзовАралАгромаш» ЖШС, «Бақдәулет» шаруа қожалығы.
  • 270271
  • 272273

         

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz