^Back To Top

logo

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
 Domekova

 

 

 

Жалпы білімдік пәндер бірлестік жетекшісі: 

Дөмекова Ғалия Мылтықбайқызы ІІ-санатты  оқытушы

Телефон: 20-16-49

                             8 747 889 12 64

                  e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 Бірлестік  төменде  көрсетілген  мамандықтар  бойынша мамандар даярлайды:

Мамандық шифры

 

     Мамандық атауы

0103000

-

«Дене тәрбиесі және спорт»

0104000

-

«Кәсіптік оқыту» (салалар бойынша)

1304000

-

«Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру» (түрлері бойынша)

 

 

 

 

 

 


«Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінде 17  оқытушы қызмет атқарады. Атап айтсақ: п.ғ.к, доцент 1 оқытушы – Г.Сауытбаева, жоғарғы санатты 1 оқытушы - С.Тайжанов, 1 санатты – 4 оқытушы А.Сарыбаева, Н.Скакова, Ж.Айбосынова, Б.Адамбаева, 2 санатты – 3 оқытушы М.Жақсылық, Г.Баймұратова, Т.Қазыбаев,  санаты жоқ –  8 оқытушы Ә.Тұрғанбаев, Т.Абай, С.Әбдібек, Н.Иса, Е.Сәндібек, Ә. Жалмағанбетова , Ш. Қошқарова, Қ.Сыздықов  қызмет атқарады.

jpb4

 

                                                  Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары

 «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушылары сапалы білім және тәрбие берумен қатар, шығармашылық жұмыстармен айналысуды да қалыс қалдырған емес.

 

Оқу орнымыздың  15 жылдық мерейтойына  орай, колледішілік «Пегагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбында оқытушылар арасындағы педагогикалық оқу өткізілді. Нәтижесінде,  химия пәнінің оқытушысы М.Жақсылық «Колледж оқытушыларын жобалық жұмыстарды дайындауға және қорғауға баулудың тиімділігі» тақырыбында баяндама қорғап жүлделі І - орынды иеленсе, физика пәнінің оқытушысы А.Сарыбаева «Физика пәнінде ұлттық ойынмен өрнектелеген сабақ» тақырыбындағы баяндамасы үшін жүлделі ІІ –орынды иеленді. Бірлестік жетекшісі Ғ.Домекова «Дуальды оқытудың тиімділігі - еңбек нарығына дайын жұмысшы маман» тақырыбында  «Өзекті баяндама» номинациясымен, информатика пәнінің оқытушысы  Н.Скакова  «CLIL техлогиясын қолдану үрдісі» тақырыбындағы баяндамасы үшін «Жаңашыл оқытушы» номинациясымен  марапатталды болатын.

 

Сонымен қатар, бірлестік оқытушылары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде баспа бетіне үздіксіз  мақалалар жариялап отырады. Мысалы, Сарыбаева Айғаным  «Шоқан оқулары-18» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Флавоноидтардың липидті мембранаға әсері» тақырыбында, «Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Студенттердің өзіндік жұмысы болашақ педагогтің кәсіби біліктілігін қалыптастырудың қажетті құралы» тақырыбында, «Педагог Times» Республикалық педагогиккалық журналына   «Химия пәнінен тапсырмаларды орындау кезінде пәнаралық білімдерді пайдалану» тақырыбында,  «Қазақ ұстазы» Республикалық ғылыми-педагогикалық журналында  «Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру –үлгермеушілікті болдырмау құралы ретінде» тақырыбында, Тайжанов Сәбит  Білім берудегі және ғылымдағы инновациялар» халықаралық журналында   «Физическое совершенствование здорового образа жизни»  тақырыбында мақалалары жарияланды.

 

Бірлестік оқытушылары   оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету, тарату және тәжірибе алмасу  мақсатында ашық сабақтар өткізіп отырады. Мысалы, Тайжанов С.  «Волейбол  спорттық ойынының элементтері мен қозғалмалы ойындар» тақырыбында  ФиС-17о оқу тобына, Баймұратова Г. «Мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой еңбегіне қойылатын гигиеналық талаптар» тақырыбында ПО-18 оқу тобына, Тұрғанбаев Ә. «Баскетбол добын себетке лақтыру. Допты жүргізулер және себетке лақтыру» тақырыбында  ФиС-16оР оқу тобына, Сарыбаева А. « Қатты денелердің сипаттамасы. Кристалдар» тақырыбында Оп-18оР оқу тобына, Скакова Н. «MS Excel электрондық кестелермен жұмыс істеу» тақырыбында ЭС-16оР оқу тобына, Абай Т. «Логарифм. Ондық және натурал логарифм. Көрсеткіштік және логарфмдік өрнектердің мәндерін есептеу» тақырыбында  В-18оР оқу тобына және  Жақсылық  М. «ІІ-А топша элементтеріне жалпы сипаттама. Кальций және магний. Судың кермектігі» тақырыбында  В-18оР оқу тобына ашық сабақтар өткізді.

jpb jpb1

 

Бірлестікте оқытушыларымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.  Мәселен, «Ұстаздар» мерекесіне орай оқытушы Г.Баймұратова  Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының құрмет грамотасымен,  оқытушы А. Сарыбаева  Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. 

 

Ақмешіт  колледжінің 15 жылдық мерейтойымен  төрағаның бірінші орынбасары И.Құттықожаев Нұр Отан партиясы Қызылорда Облыстық филиалы атынан Н.Скакованы Алғыс хатпен марапаттады.

 

Бірлестіктің информатика пәнінің оқытушысы Н.Скакова және бірлестік жетекшісі Ғ.Домекова Халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету негізінде Қызылорда Облыстық білім басқармасының «Дарын» Облыстық қосымша білім бері орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің алғыс хатымен  марапатталды.

 

Тәрбие жұмыстары

 

Бірлестікке қарасты топтарға топ тәлімгерлері төмендегідей болып бекітілді:

 

Оқу  тобы

Оқушы саны

Топ тәлімгері

1

ПО-18

21

Жақсылық М.

2

ФиС-18о

6

Тұрғанбаев А.

3

ФиС-17о

7

Тайжанов С.

4

ФиС-16о

10

Кенжеев Е.

5

ФиС-15о

8

Домекова Ғ.

 

    

 

Топ тәлімгерлері өз топтарында ата - аналар жиналысын өткізіп, ата - аналармен тығыз байланыста болады. Әрбір топ жетекшісі оқу жылының басында тәрбие жұмыстарының жоспарын жасап, бекітіледі. Жоспар бойынша бірнеше тәрбиелік іс - шаралар ұйымдастырылады. 

 

Колледждің 1-курс студенттері арасында дарынды жастарды анықтау және ынталандыру, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін  жүзеге асыру мақсатында дәстүрлі «ҮЗДІК ТОП - 2018» өнер байқауы өткізілді. Байқаудың бағдарламасы бойынша жүргізушілер, ән орындаушылар, бишілер, ерекше жанр (жастардың жұртшылықты таң қалдыратын өнерлері), көрме байқауы (Қызылорда қаласының 200 жылдығы, институттың 20 жылдығы, колледждің 15 жылдығына арналған көрме) бойынша студенттер бар өнерлерін ортаға салды.

 

Нәтижесінде  би сайысында «Өзбек» биімен  және де  ерекше жанр сайысында бірлестікке қарасты  ПО-18 оқу тобының студенттері   жоғары бағаға ие болды.

 

Дәстүрлі «Үздік топ - 2018» сайысында бас жүлдені М.Жақсылықтың ПО-18 оқу тобы және А.Сарыбаеваның ОП-18 оқу тобы 2-орынды  иеленді. Жүлделі орын иелеріне ақшалай сыйлықтар,  алғысхаттар мен марапаттар табысталды. 

jpb2  jpb3

 

Сонымен қатар бірлестікте оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру, белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Қызықты физика», «Химиялық колейдоскоп», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», «Шахмат» үйірмелері жұмыс жасайды.

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz